FAQ

• Биографиялық сауалнама
• Тестілеу: оқу және математикалық сауаттылық, сонымен қатар жоғары технологиялық ортадағы тапсырмаларды шешу дағдылары
PIAAC мәнмәтініндегі оқу сауаттылығы қоғам өміріне қатысу, мақсаттарға жету, өз білімі мен әлеуетін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, бағалау, қолдану және онымен жұмыс жасауды білдіреді. PIAAC зерттеуінде оқу сауаттылығы қағаз және цифрлік мәтіндерді қолданумен бағаланады.
PIAAC зерттеуінде математикалық сауаттылық ересектердің математикалық ақпараттар мен идеяларды алу, қолдану, интерпретациялау мен оны беру және ересектер өміріндегі әртүрлі жағдайларда қолдануды білдіреді.
PIAAC зерттеуінің мәнмәтінінде жоғары технологиялық тапсырмаларды шешудің мағынасы − ақпарат жинау мен бағалау мақсатында цифрлік технологияларды, байланыс құралдарын қолдану, басқа адамдармен байланыс орнату және практикалық тапсырмаларды орындау. Тапсырмаларды шешуді қолданатын PIAAC бірінші зерттеуі сәйкес тапсырмалар мен жоспарлар құру, ақпаратты компьютер немесе компьютерлік желілер арқылы оған қол жеткізе және қолдана отырып, жеке, жұмыс және азаматтық мақсаттар үшін тапсырмаларды шешу.
• Зерттеуге қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан үй шаруашылығы таңдалды.
• Олар елдің қала және ауыл тұрғындарынан құралды. Арнайы оқытылған сұхбат алушылар үй шаруашылығына бару барысында скрининг кезеңінде компьютерлік бағдарлама арқылы қатысушыны үй шаруашылығында тұратын 16 мен 65 жас аралығындағы адамдардың арасынан анықтады. Егер үй шаруашылығында жас аралығына сай келетін бірден төрт адамға дейін болса, онда бір респондент сұралды, егер бірден беске дейін болса, онда бір үй шаруашылығынан екі респондент қатысты.
• Таңдалған үй шаруашылығы мен респондентті ауыстыруға болмады.
Зерттеу әр 10 жыл сайын өткізіледі. Қазіргі уақытта екінші циклге дайындық басталды. Бірінші циклда 2011 мен 2018 жылдар бойы деректер жинаудың үш айналымы өткізілді. Екінші циклдің деректер жинаудың бірінші айналымы 2021-2022 жылдарда өткізілді.
• Бірінші айналымда деректер жинау көптеген елдерде 2011 жылдың 1 тамызынан бастап 2012 жылдың 31 наурызына дейін өткізілді. Канадада - 2011 жылдың қараша айынан 2012 жылдың маусым айына дейін, Францияда - 2012 жылдың қыркүйек пен қараша аралығында. Қатысушылардың жалпы саны - 166 000 ересек адам.
• Екінші айналымның негізгі зерттеуі 2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін өтті. Барлығы 50 250 ересек адам қатысты.
• PIAAC деректер жинаудың үшінші айналымы 2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін 30 000 респондентті қамтыды. Мексика респонденттерден сауалнама алуды 2017 жылы аяқтады.
Деректер жинау кезінде бірыңғай құралнама қолданылған салдарынан Қазақстанның нәтижелері бірінші циклінің барлық үш айналымының қатысушы елдермен салыстыруға келерлік. Тек деректер жинау мерзімдері әртүрлі болды.
Зерттеу компьютерлік форматта өтті. Сауалнама кезінде сұхбат алушы ноутбуктан сұрақтарды оқып, жауаптарын енгізіп отырды. Дағдыларды бағалау тапсырмалары сұхбат алушының көмегінсіз респондент өздігінен орындады. Бағалау респонденттің компьютерді қолдана алуына байланысты компьютерлік форматта немесе қағаз жүзінде өткізілді.
Негізгі зерттеуде 14 облыс пен республикалық маңызы бар екі қаланың (Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары) 6 050 ересектері қатысты